Психологиялық кеңестер
1 - кеңес
•Сабақтар үшін орын дайында: үстелдің бетінен керегі жоқ заттарды алып тастап, қажетті құрал жабдықтарды, кітаптарды, тесттерді, дәптерлерді, қаламсаптарды қойыңыз;
•Бөлменің ішіне сары немесе күлгін түстерді еңгіз. Олар ақыл-ойды белсендіреді. Ол үшін жай ғана суреттің бейнесі де жарасады;
•Сабақтардың жоспарын құрастыр. Алдымен анықтаңыз: сіз кімсіз «үкі», әлде «бозторғайсыз». Кейін осыған байланысты таңғы және кешкі сағаттарды көбірек пайдалан. Әр күнге жоспар құрған кезде, «Бүгін мен нені оқуым керек», «Қандай бөлімдер және тақырыптар оқимын» сияқты нақты білу және анықтау керек;
•Ең қиын немесе ең нашар білетін материалыңнан баста. Бірақ, егер саған өте қиын болса, саған жеңіл немесе қызықты көрінетін материалдан бастауға да болады;
•Сабақты оқу мен демалуды реттеңдер: 40 минут сабақ оқу, кейін 10 минут демалу. Демалу кезінде ыдысты жууға, гүлдерге су құйюға, суға түсуге немесе денені шынықтыруға болады;
•Берілген пәндер бойынша өте көп тесттерді шығар. Өйткені осындай жаттығулар сендерді тестік тапсырмалардың құрылымымен таныстырады;
•Секундомерді қолыңда ұстап, жаттық. Тесттерді қанша уақытта жасағаныңды есепте;
•Емтихандарға дайындалу кезінде өзінің жақсы тапсырғаныңды көз алдына елестет;
•«Тапсырманы орындай алмаймын», - деп ешқашан ойлама;
2 – кеңес
Психологиялық тұрғыда қалай дайындалу керек?
Қиын ситуация кезінде өзіңді жоғалтып алмау үшін шамадан тыс мақсат пен міндет қоюдың қажеті жоқ. Барлық нәрсені біртінедеп жасаған жөн. Айталық:
-
Сұрақтарға алдын ала, біртіндеп, тыныштықты сақтап дайындала бастаңыз.
-
Егер ойды жинақтау қиын болса, жеңілін есте сақтап, сосын қиын материалды үйреніңіз;
-
Ішкі қатаюдан, шаршағаннан арылу ұшін жаттығуды күнделікті орындаңыз.
Көзің шаршаса не істейсіз?
Дайындық кезінде көзге ауырлық түседі. Егер көзің шаршаса, онда ағзаңыз шаршайды. Сондықтан да көзіңіздің демалуына жағдай жасау қажет:
-
кезегімен жоғары- төмен (25 секунд);
-
оңға-солға (15 секунд ) қараңыз;
-
көз қарашығыңызбен аты-жөніңізді жазыңыз;
-
ұзақтығы 20 секунд бір затқа, сосын алдыңыздағы қағазға 20 секунд көзіңізді тігіңіз;
-
Сағат тілі бойынша және оған кері етіп, көз қарашығыңызбен квадрат, үшлбұрыш салыңыз.
Жұмыс қабілетін қолдану шарты
-
Ақыл-ой мен дене еңбегін кезектістіру;
-
Гимнастикалық жаттығуларды, яғни денені айналдыру, баспен тұру жаттығуларын жасаған дұрыс, өйткені ми жасушаларына қан жақсы жүреді;
-
Көзді сақтау үшін әрбір 20-30 минут сайын үзіліс жасау (кітаптан көзіңді алып, ұзаққа көз тігу);
-
Теледидардан хабарларды аз көру.
3 – кеңес
Оқушыларға ойлау, еске сақтау қаблеттерін
жетілдіруге қажет азық-түліктер
ҰБТ-ға қатысар алдында қобалжысаңыздар, төмендегі азық-түлікті пайдалануды ұсынамын:
Сәбіз --- мидағы зат алмасуды жақсарту арқылы белгілі бір материалды тез жаттап алуға көмектеседі. Ол үшін сәбізді теркадан өткізіп, растительный май қосып жесеңіз болғаны.
Ананас шырынын бір стақан ішіп алсаңыз, үлкен көлемдегі материалды ұзақ уақыт еске сақтап тұра аласыз.
Креветки –мидың деликатесі, миды маңызды майлы кислоттармен қамтамасыз етеді. Күніне 100гр пайдалансаңыз болғаны. Оны пісірген не қуырғаннан соң ғана тұз қосу керек.
Пияз – оймен жұмыс істеп қатты шаршағанда немесе қажуда жақсы көмектеседі. Мидың кислородпен қамтамасыз етілуін жақсартады.
Мөлшері: күніне бір пияздың жартысы жетеді.
Жаңғақ– мидың жұмысын жақсартып, жүйке жүйесін нығайтады. Ол әсіресе ғылыми жұмыс, баяндама оқыр алдында немесе жеңіл көлікпен ұзақ жол жүрсеңіз көмектеседі.
Инжир – басыңды жаңа ойлар тудыруға дайындайды.
Тмин – тамаша ойлардың тууына жәрдемін тигізеді. Әсіресе шығармашылық жұмыспен айналысқанда тминнен қайнатылған шай ішіңіз.
Капуста – жүйке жүйесінің қажуынан сақтайды. Емтихан алдында капустадан жасалған салат жесеңіз, сіз емтиханға ешбір алаңсыз дайындала аласыз.
Лимон – ақпаратты қабылдауға жақсы көмегін тигізіп, ойды жаңартады.
Черника – мидағы қан айналымын жақсартады.
4-кеңес
Емтиханға дайындықты дұрыс ұйымдастыру туралы психологиялық кеңес.
Емтихан туралы жағымсыз ой қалыптастырмаңыз. Өз-өзіңізге сенімді болыңыз.
Емтихан сіздің жеке қасиеттеріңізді емес, білімдеріңізді тексереді.
Алдын ала: «Тапсыра алмасам не болады ?»-деп уайымдамаңыз
Емтиханнан өмірлік мәселе жасамаңыз.
Емтихан үстінде ішкі дауысыңызға ерік беріп: Мен тапсыра алмаймын . Мына сұрақты білмеймін. Шаруам бітті- деген ойларға батпаңыз.
Емтиханды сәтті тапсыру үшін бірнеше кеңесті тыңдаңыз !
Жинақтал! Қызметтік секторды толтырған соң, ойыңды жинақтап, тапсырмаларға үңіл. Уақыт шектеулі екенін ұмытпа.
Асықпай тездет! Уақыттың шектелуі сенің жауаптарыңнын сапасына әсер етпеу керек.Жауап белгілер алдында сұрақты екі рет оқып ұғынып ал.
Жеңілінен баста! Алдымен жеңіл тапсырмаларды орында. Осылай сен тез ойыңды жинақтап, жұмысқа кірісе аласын.
Тастап кет! Қиын немесе түсініксіз тапсырмаларды тастап кет. Егер қиналатын тапсырмаларға тіреліп, жеңілдерін белгілеуге үлгермей қалсаң өкінішті болады.
Тапсырманы соңына дейін оқы! Асығыста оңай сұрақтардан қате жіберуің мүмкін.
Кезекті тапсырманы ойла! Жаңа тапсырмаға кірісер алдында басқаларын ұмыт. Әр жаңа тапсырма сенің ұпай жинауыңна мүмкіндік.
Шығарып таста! Тапсырманы орындау барысында, бірден дұрысжауап іздемей, дұрыс емес жауаптарын шығарып таста. Сонда бір екі жауаптан дұрысын табу жеңілрек болады.
Уақыт алып қал! Уақытыңнын 2/3 бөлігін жеңіл тапсырмаларды орындап, барынша жоғары нәтижеге жетесің, Қалған уақытты күрделі тапсырмаларға қалдыр.
Тексер! Жауаптарыңды тексеруге уақыт бөл.
Тап! Егер жауабын білмей отырсаң, интуицияңа сен. Осы дұрыс болар деген жауабын таңда.
Мұңайма! Барлық тапсырманы дұрыс орындап үлгеру қиын. Жақсы бағаның өзі жеткілікті болуы мүмкін.