top of page

Оқушыларының формасы жөніндегі ереже

 

І. Жалпы ережелер
Оқу – тәрбие үрдісінің мақсаты мен міндетіне, гимназия қызметінің әдістемелік негізіне сәйкес келетін  мектеп  оқушысының сырт келбеті – тәртіп сақтау және оқу мотивациясын көтеруге қажетті мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру,  іскерлік атмосферасын құрудың маңызды факторларының бірі.    Оқушының сырт-келбетіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының «Білім заңына» негізделеді, мектеп Жарғысының, тазалық және гигиена ережелерінің талаптарынан туындайды, этикалық және эстетикалық аспектілерді енгізе отырып, өзін- өзі сыйлауға, жеке және қоғамдық гигиена дағдыларын қалыптастыруға, мектеп  беделін көтеруге бағытталады.       

ІІ. Оқушылардың құқықтары мен міндеттері    

2.1. Мектеп  оқушысы сабаққа таза, ұқыпты және мектеп формасын киіп келуге міндетті.  
2.2. Мектеп  формасына қойылатын талаптар  Форманың жалпы стилі – классикалық, іскерлік. Жалпы мектеп оқушыларының формасы: Ұлдар – ақ жейде, қара- көк түсті жемпр, желет, шалбар, галстук.  Қыздар – ақ түсті жейде, қара-көк  түсті кофта және желет, юбка  (тым қысқа немесе тым ұзын болмауы керек), шалбар (қысқы мезгілде). Спорттық киімдер: Спорттық киімге қойылатын талаптар: ақ футболка, сұр немесе қара-көк түсті шорты, тресса (қысқы мезгілде – сұр  немесе қара-көк түсті спорттық костюмдер), спорттық платформасыз аяқ киім. Спорттық киім дене шынықтыру сабағы, спорттық жарыстар, Денсаулық күніне және т.б. арналған. АӘД формасы:  Ұлдар - әскери жейде және галстук, қара түсті шалбар. Қыздар - әскери жейде, галстук, қара түсті белдемше (шалбар).   
2.3. Оқушы спорттық киімді дене шынықтыру сабағы болатын күні немесе спорттық жарыс болатын күні өзімен бірге алып келуге міндетті. 
2.4. АӘД формасы АӘД сабағы болатын күні киіп келуге міндетті.    

Қатаң түрде тыйым салынады:  
 
-Мектеп ішінде оқушының бас киіммен жүруіне; 
-маникюрмен, макияжбен және ашық түсті, көлемді әшекей тағып келуге, жастардың әр түрлі бейресми топтардың атрибуттарын, сабақ үстінде ұялы телефон мен сөйлесу құрылғыларын (минимикрофондар, т.б.) қолдануға;  -джинсы, дискотека киімін киіп келуге; 
-қыздарға мектеп сөмкесінің орнына оқулық пен дәптер сыймайтын кішкене әшекейлік сөмке ұстауға.    

ІІІ. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері   

Ата-аналар өз балаларына мектеп формасын кез келген жерден (дүкен, сауда орталығы немесе арнайы тапсырыспен) сатып алуға құқылы.  Ата- аналар киімнің қатаң классикалық стиліне сәйкес келетін, қарапайым  кез келген түрін таңдауға құқылы. Ата – аналар күнделікті өз баласының осы Ережелерге сай болуын қадағалауы тиіс.   

ІV. Осы Ереженің талаптарының орындалуын қадағалау   
4.1. Сырт келбетке байланысты осы Ереженің талаптарының орындалуы күнделікті қадағаланады және келесі деңгейлерде іске асырылады: 
1. Сынып ұжымында  - бекітілген сынып жетекші;  
2. Ауысым бойынша – директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;  
3. Мектеп бойынша – директордың тәрбие, құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және әлеуметтік педагог.  
4. Жалпы мектеп  бойынша – мектеп директоры.  
4.2. Осы Ереже талаптарын жүйелі түрде бұзған және оған мойын ұсынудан бас тартқан оқушыларға Мектеп  жарғысына сәйкес тәртібі Мектеп  кеңесінің талқысына салынады, ата-анасы шақырылып тәртіптік шара қолданылады.

bottom of page