«Қазалы аудандық білім бөлімінің Ү.Түктібаев атындағы №24 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің қысқаша тарихы
Білім беру – аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер әр түрлі ынталы бастамалар түрлендірулерге кеңінен жол ашуда, соның нәтижесінде халықтың білім деңгейі жоғары қарқынмен дамуда. Сол білім берудің ең үлкен шаңырағы мектеп. № 24 орта мектеп тарихына көз жіберетін болсақ:
Қазіргі мектеп ғимараты 1976-1977 оқу жылында пайдалануға берілген.
Мектеп типтік жобамен 2 қабатты кірпіштен салынған.
Мектеп 640 орындық,
Мектептің көлемі 3301,8 шаршы метр.
№24 орта мектеп алғаш 1934-1935 оқу жылында мектеп-интернат болып ашылып, оның алғашқы бастаушысы болып Қылышбаев Махамбет тағайындалды. 1935 жылдан 1938 жылға дейін бастауыш мектеп болып құрылып, осы аралықта мектеп басқарушысы болып Қонақбаев Жәлкен қызмет атқарды. 1938-1939 оқу жылында 1-6 класс аралығында білім беретін «Аралық мектеп» болып қайта құрылып, мектепті Әлімбетов Бақытжан басқарған. 1939-1940 оқу жылында 1-8 кластық білім беретін орта мектеп болып ашылып, оның директоры болып Қиынбаев Аяған тағайындалды. 1940-1941 оқу жылында мектеп директоры болып Жұмағұлов Иманқали қызмет атқарса ал 1941 жылдан 1947жылға дейін 1-9 кластық білім беретін орта мектеп болып ашылып, мектеп директоры болып 1943 жылға дейін Нарымбетова Перуза, 1947 жылға дейін Алмағанбетов Махмут қызмет атқарды. 1947-1948 оқу жылында он жылдық білім беретін мектеп болып ашылып, оның директоры болып Алпысбаев Хұсайын тағайындалды.Ал 1948 оқу жылынан 1964 жылға дейін «Октябрь» орта мектебі болып аталып, 1948-1950 жылдары Ербатров Жұмахмет, 1950-1952 жылдары Көшербев Елеу, 1952-1955 жылдары Шоханова Ажайып, 1955-1960 жылдары Жанұзақов Мықтыбай, 1960-1966 жылдары Ешниязов Жетес осы мектептің директорлары болып қызмет атқарды.
1965жылдан №24 орта мектеп болып аталып келеді.
Осы жылдар аралығында 1966-1970 жылдары Бұқараев Бөріқожа, 1970-1976 жылдары Сейсенов Әбіләмит, 1976-1977 жылдары Ідірісов Сейітқасым, 1977-1987 жылдарда Қожабаев Молдабай, 1987-1990 жылдары Шаханов Бақытжан, 1990-1992 жылдары Байқазақов Нурлла, 1992-1994 жылдары Сәтов Ермек, 1994-2003 жылдары Әлиев Қасым мектеп директоры болып қызмет атқарды. 2003-2006 жылдары мектепті Әміржаева Нұрила, 2006-2009 жылдары Райсова Бақыткүл, 2009 жылдың желтоқсан айынан 2013 жылдың қыркүйегіне дейін Утепбергенов Ерлан басқарды. 2013 жылдың қазан айынан бастап Садиров Адилхан басқарып келеді.
Төменде көрсетілген азаматтар мектепті үздік бітіріп, «Алтын», «Күміс» медаль және «Ерекше аттестат» иегерлері атанды. Олар: Үмбетов Базарбай 1966 күміс медаль, Әбжамиева Рая 1967 жылы күміс медаль, Қожабаева Айсұлу 1989 жылы күміс медаль, Сансызбаев Мейірбек 1989 жылы күміс медаль, Смағұлова Қалдыгүл, Құрманбаева Зейнеп 1990 жылы күміс медальмен, Әбдіразақова Әлия 1995-1996 оқу жылында «Ерекше аттестат», Қалиева Жадыра, Сариева Райхан, Байімбетова Сәндігүл 1996-1997 оқу жылында «Үздік аттестат», Саниязова Еркемай, Қалиева Индира, Дәкібаева Гүлнұр 2001-2002 оқу жылында «Үздік аттестат», 2005-2006 оқу жылында Елбосынова Гүлмира «Үздік аттестат», 2009-2010 оқу жылында Қожақова Айжан «Алтын белгі», Қожанияз Тұрсынай «Үздік аттестат» иегері болды. 2012-2013 оқу жылында Тұрғанбай Гүлбақыт «Алтын белгі», 2013-2014 оқу жылында Тұрғанбай Мөлдір «Алтын белгі» иегері болды. 2014-2015 оқу жылында Әзен Ақілгек «Үздік аттестат» иегері болды. 2015-2016 оқу жылында Болат Жайна «Алтын белгі», Аймахан Ернұр «Үздік аттестат», Әбдімұрат Бибарыс «Үздік аттестат» иегері болды. 2016-2017 оқу жылында Кенжебай Қарлығаш, Әзен Ақерке «Алтын белгі» иегері болды. 2017-2018 оқу жылында Сәдір Жұлдызай «Алтын белгі» иегері болды. 2018-2019 оқу жылында Қарабек Иманғали «Алтын белгі», Өмірзақ Еркемай «Үздік аттестат» иегері болды. 2019-2020 оқу жылында Тұрғанбай Ұлдана «Алтын белгі», Әбдімұрат Дильнара «Үздік аттестат», Шарападин Аяулым «Үздік аттестат» иегері болды.
Қазіргі таңда №24 орта мектепте мұғалімдер саны- 87
Жоғарғы категориялы-5
Бірінші категориялы-18
Екінші категориялы-25
Санаты жоқ -8
Зертеуші педагог-5
Педагог эксперт-22
Модератор педагок-4
Жоғарғы білімді-82
Арнаулы орта-5
Жалпы оқушы саны-488
24 комплекті,
3 мектеп алдыдаярлық сыныбы бар.
Компьютерлер саны-52, интерактивті тақта-8. Қашықтықтан оқуға арналған Республикалық бюджеттен стационарлық компьютер -15, 35 ноутбук, 15 планшет, және жергілікті бюджеттен 10 планшет алынды.
Мултимедиялық лингафон кабинеті-1, Физика кабинеті-1, Химия-1, жаңартылған мазмұндағы Биология кабинеті - 1, оқу шеберханасы, кітапхана, асхана, спорт зал бар. Бекарыстан би атындағы тарихи-өлкетану мұражайы жұмыс жасайды.
Мұғалімдер мен оқушылардың тынымсыз еңбектенуінің арқасында мектеп аудандық, облыстық, республикалық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді.
№24 орта мектепті бітірушілер арасынан елге белгілі көптеген азаматтар шықты. Олар: Бұрқашов Аптылай – ғылым докторы, академик, Нағыметов Әбілғазы, Айдаров Дәуірхан, Смағұлов Серік, Әлниязов Үкіметулла, Қайназаров Аяған, Ділімбетов Қареке, Нұрқызарынов Айжігіт, Оралбаев Ұзақ – ғылым кандидаттары, Нұрқожаев Шынтас – СССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Мұқанов Түлкібай – КазССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ешниязов Жетес – «Халықтар достығы» ордені иегері.