Психодиагностикалық зерттеу
2018-2019 оқу жылында 1 сыныпқа қабылданған оқушылардың мектепке дайындығын анықтау мақсатында Керн – Йирасек тесті алынды. Зерттеу жұмысына 53 оқушы қатысты. Зерттеу жұмысы барысында оқушылар назарына «Ер адамның суретін салу», «Әріптерді көшіріп салу», «Бір топ нүктелерді көшіріп салу» ұсынылды. Негізгі мақсат алынған нәтижелерден оқушылардың мектепке психологиялық дайындығын анықтау. Сонымен бірге 1-сынып оқушыларының таным процесстері анықталды. Зейін бөлінушілігі, логикалық ойлауы, қысқа мерзімді есте сақтауы анықталды. Балалардың 49 % -ы жоғары деңгейде, 32% - ы орта деңгейде, ал 18%- ы төмен көрсеткіш көрсетті.
Бастауыш, орта, және жоғары буын оқушыларының таным процесстерін, жекелік қасиеттерін және мектепішілік қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу мақсатында оқушылардың зейін, ойлау, есте сақтау сияқты танымдық процесстеріне тесттер алынды. Оқушылар назарына «Социометрия » , Г.Айзенк, Э.Бек, Л.Йовайши, Г.В. Резапкина, А.Ассингер, Dass шкаласы, әдістемелерінен тесттер ұсынылды. Тест жүргізу барысында кейбір оқушылардың есте сақтау қабілеттері орташа, логикалық ойлауы және интеллектуалдық қабілеттерінің даму деңгейлері жоғары екені анықталды.
Қорытынды: Жүргізілген әдістің қорытынды нәтижесінде 1 сынып оқушыларында мектепке жағымды көзқарас байқалады. Оқушылардың оқу әрекетіне деген қызығушылықтары жақсы. Мұғалімдер мен оқушылар арасында тұрақты қарым – қатынас сақталған.
2-3-4 сынып оқушыларынан қабылдау, ойлау, зейін, ес танымдық процестері байланысты тест,сауалнамалар алынады.
5 сынып оқушыларының бір-бірімен эмоциялық байланысын анықтау және татулығын өлшеу барысында «Социометрия» әдісі жүргізілді. Оқушылардың мазасыздануының деңгейімен сипатын анықтап зерттеу мақсатында Филлипс сауалнамасы алынып шекті балдан жоғары бал алған оқушылар мен жұмыстар жүргізілді.52 оқушы қатысты.
6-7 сынып оқушыларынан Г.Айзенк тұлғаның психикалық күйін өзін-өзі бағалау әдістемесі алынып оқушылар мен сұқбат жүргізілді .68 оқушы қатысты.
8-9-10 сынып оқушыларынан «Жасөспірімнің психикалық саулығын бағалау шкаласы» бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізіліп, анықталған «Тәуекел топ» оқушыларымен жоспар құрып жұмыс жүргізілді. 115 оқушы қатысты
9-10-11 сыныптардан «Кәсіби бейімділігін диогностикала Л.Йовайши,«Интеллектуалды қабілет денгейін диогностикалау» Г.В. Резапкина әдістемесі алынды. 113 оқушы қатысты.
11 сынып оқушыларына «ҰБТ дегеніміз не және оның мен үшін маңыздылығы қандай» атты дәріс өтілді.. Мақсат- бірыңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезеңінде оқушылардың мінез-құлық стратегиясымен тактикасын өңдеуін, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру. Дәріс барысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің психологиялық шешу жолдары бойынша оқушыларға күн тәртібін құруға, материалдарды есте сақтап, қайта жаңғыртуға, өз қабілеттерін молынан қолдауға, стрестік жағдай бола қалғанның өзінде, оны жеңудің жолдары бойынша ауқымды ақпарат оқылып, оқушылармен талданды.