Жас мамандардың мектепке бейімделуін жетілдіру жолдары
Психологиялық түзету жұмыстарының ерекшелігі – адамның ішкі жан дүниесіне жағымды әсер ету, өзінің жағымды қасиеттерін аша білу, қарым –қатынас үйлесімділігін орнату, сөйлеу мәнерін қалыптастыру, қызықтыру, танымдық процестері, өздеріне қажетті іс-әрекетке итермелеу арқылы жүзеге асады. Эксперименттер арқылы психодиагностика жасалғаннан кейін дәрігер мамандардың кәсіби қызметтерін ескере отырып, нақты коррекциялық жаттығулар, әдістемелерді ұйымдастырдық. 6 жас маманнан алынды алынды.
1. Тыныс алу жаттығулары.
«Демалыс» С.М. Тұр, түзу, аяғыңды иықпен теңестіріп қою. Дем ал. Дем алып еңкей, мойынмен, иықты бос ұста, бас пен қол еденге еркін жететіндей салбырап тұр. Терең дем ал, өзіңнің тынысыңды бақыла. Мұндай күйде 1 минут тұру керек. Сосын жайлап түзелеміз.
2. Сергіту жаттығулары.
«Ха-тыныс алу». Тұру, аяғыңды иықпен теңестір, қолды белден төмен қой. Деміңді терең шығар, қолыңды бас жағынан жоғары көтер. Деміңді ұстап тұр. Шығар – тез арада алға қарай еңкей, қолыңды өзінен алға «Ха!» дыбысымен, ауаға қарай лақтыр.
3.«Көзбе көз жаттығуы».
«Теңіз жүзу». Орнықты отырыңыз. Демін бірдей болуы тиіс. Көзіңді жұм және еркін тұр. Сіз өзіңізді теңізде жүзіп келе жатқандай ойла. Сізде мақсат, құбылнама, карта, ескек, тұтқыш жоқ. Сізді жел мен мұхит толқыны қайда апарса соған қозғаласын. Үлкен толқын бірнеше уақыт бойы сізді жабуы мүмкін, бірақта қайтадан, жоғары көтереді... Осы толқынды сезінуге тырыс. Толқын қозғалысын сезін, жылы күн, бір тамшы жаңбыр... теңіз жастығы сіздің алдыңызда, сізді қолдайды. Өз денеңізді тыңдаңыз: үлкен мұхитта өзіңізді кішкентай жүзумен елестеткенде, сізде қандай түйсік тууы мүмкін?.
4.«Би қимыл жаттығуы».
Қатысушылар дөңгеленіп тұрады және қолдарынан ұстайды. Музыка ойнайды. Кенеттен қатысушылар қозғалады, музыкаға сай ритмдер және өздік ритмдерін жасайды, өзінің жеке қимылдарын жалпы биге ендіреді. (5 минут) «Дененің жеке бөліктерімен билеу».Қатысушылар дөңгеленіп тұрады. Музыка ойнайды. Жүргізуші дене бөліктерін кезекпен айтады, яғни би сол арқылы орындалады. (мысалы, баспен билеу, иықпен билеу с.с.с). Қатысушылар аталған денемен аздап билеуге тырысады.
5.«Жеке тұлға және маман» жаттығуы.
Мақсаты: Өзінің кәсібіне деген қатынасы: психикалық қуат көзінің тасуы, мәселелерді басқара, бөле білу, ішкі күштердіанықтау және өсу бағытын түсінуі. Жұмыста жағымсыз эмоцияның, қысымның күшеюіне қарай психологиялық қолдауды алуы.
Жаттығу сәлемдесуден басталады. Жүргізуші Сіздер Нобель сыйлығының иегер болып жатырсыздар. Сіз туралы қандай тақырыпта мақала жазылсын. Мсаылы: «Ең батыл дәріге», «Білікті маман» және тб. Қатысушыларды бір сәт болашаққа саяхат жасату арқылы таныстыру. Мсәеленің өзектілігі психологиялық тұрғыда жеке тұлғаның барлық уақытта кәсіби дамуыға, біліктілігін жетілдіруге дайын болуы, жаңа білім мен іскерлікті толықтыру әрекеті, өзіндік ынтасы мен талпынысынан көрінеді. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру.
6 .«Менің кәсіби жұмысым, отбасы шаруам және жеке өзіме көңіл бөлуім» жаттығуы.
Қатысушыларға парақ таратылып, оның ортасына дөңгелек салынған. Сол дөңгелектің ішін үшке бөлу, қандай арақашықтықта өзі болжау. Нақтылап әрекеттер қаралатылатын ұпайға шағу арқылы көрсету және қанша уақыт бөлінетінін өзі талдау. Соңында жұмыс барысында не сезінгені туралы баяндау.
7. «Мен үйдемін, мен жұмыстасын» жаттығуы
Нұсқау; парақты екіге бөлу. Мен үйдемін Мен
жұмыстамын.
Мен үйде ешқашан ............ Мен жұмыста ешқашан .......
-
Ұқсас мінез-құлық (үйде, жұмыста)
-
Қарама-қарсы мінез-құлық,
-
Жалпы сипаттың болмауы,
-
Осы сипаттағы сіздің қатынасыңыз.
Карикатура жаттығуы: «мен қандай маманмын».
Өзін әзіл-оспақ деңгейінде салу, онда өзін дамытуға, кәсібіне байланысты қалыптастырған қасиеттерін (эмпатия сезіміне өзгенің ене білу, қарым-қатынас, бағаламай тек тыңдай білу, мейірімділік, иекмділік, құзыреттілік, шығармашылық).
8. «Менің жұмысым» жаттығуы
Нұсқау: бір парақта бес сызыққа бөлеміз. Бірінші сызыққа 16 ассоциациялық сөз топтастыра отырып, 8 ассоциациялық сөз қалдыру. Үшінші қатарға тағы сөздерді біріктіре отырып 4 – ассоциациялық сөзге әкелу. Екінші қатарға 2-сөзге соңғы қатарға бір сөзге әкелу болып табылады.
Психологиялық қолдау көрсету және кері байланыс:
Бір парақты төртке бөледі, үш бөлігіне он жағындағы үш адамға жағымды мағынада, сол адамды қай жағы жақсы дамыған, ал қай жағына көңіл бөлуі қажет жазып беру. Ал төртінші бөлікке өзінен бүгінгі кездесуден алған әсерінің туралы жазып қалдыруды сұрану.
9. «Кемпірқосақ» ойыны.
Мақсаты: Сыналушылардың бойындағы жағымсыз және жағымды қасиетті анықтау. Қорқыныш пен ұрейден арылуға ықпал ету.
Қажетті құрал: Таза ақ парақ, қалам, қайшы, түрлі түсті бояу.
Барысы: Кемпірқосақ ойынында, жағымсыз қасиеттің біреуін таңдау, екінші жағымды қасиеттің біреуін таңдап алып үлкен әріптермен жазамыз, ортасына кемпірқосақты түрлі-түсті түспен жалғаймыз. Сыналушылар жағымсыз қасиеттерінің бірін таңдап алады. Олардың қай жерінде орналасқаның, адамның қай дене мүшемізде екенін салып, қырқып аламыз (қолда, жүректе, мида т.б.). Көздерін жұмып мен өз бойымдағы жағымсыз қасиеттен құтылдым. Жыртып тастау. Кемпірқосақ салынған бос орынға жағымды қасиетті жазып қою.
Әр бір жаттығу жас маманның өзіне деген сенімін оятуға, қызмет бабында кездесетін қиындықтарды жеңуге ықпал жасауға арналды.