Сабақ конструкторы
Сабақтың басталуы.
Эмоциялық күй:
Долгожданный дан звонок
Начинаем мы урок.
Тут затей и загадки,
Игры, сказки все для вас!
Пожелаю вам удачи.
За работу в добрый час!
Релаксация:(Музыкамен)
«Колдағы күн»
Жайланып отырыңыз, көзіңізді жабыңыз, қолдарыңыздың алақандарын жоғарға қаратып тізеге қойыңыз. Сіздің қолыңызда кішкентай күн бар деп ойлаңыз. Саусақтарыңыздың арасынан күннің сәулесі барлық қолыңыздан өтіп, жылуды сезінесіз. Қолыңыз тынышталып, бойыңыз босаңсыды. Күннің сәулесі аяқтан өтіп, оларды жылытады. Енді көздеріңізді асықпай ашып, жымиыңыз.
Күйге келу, дайындықты тексеру:
-Кім өзінің үй жұмысына риза, отырындар!
-Сен неге ренжідің? Сен неге риза емессің?
-Бүгін қатесіз жазғысы келгендер он қолдарынды көтеріндер…
-Бүгін сабақта жауап бергісі келгендер сол қолдарынды көтеріндер…
Мерзімі ұзартылған шешу:
А) Сабақтың басында жұмбақ немесе қызықты мәлімет беру қажет, оның жауабы жаңа материалмен жұмыс жүргізгенде ашылады.
ОАС:
Формуласы: шығармашылық есепті шығару оқу ақылмандар сарабы ретінде ұйымдастырылады.
Қиялшы:
Тақтаға сабақ тақырыбы жазылды. Өмірдегі осы тақырып бойынша ББД-ні қолдану 5 әдісін атау қажет.
Кумир:
Кумирді таңдайды, жаңа тақырыпты ол қалай дәлелдейтінің ойлау қажет.
Релаксация «көбелектің ұшуы»
Балалар көздерін жабады, классикалық музыка ойнайды, мұғалім мәтінді оқиды, балалар естіп отырғанды оймен елестейді.
Көңіл күй
(Балаларға бір смайликті таңдау ұсынылады, оқушының сабақ басындағы көңіл күйін анықтау).
1. Қуаныш шеңбері (балалар шеңберге тұрып ән айтады, өлең оқиды).
2. Тыныштық минутасы (релаксация).
3. «Таңғы шеңбер» (Ағаш, шөп, гүл және құс
Не всегда умеют защититься
Если будут уничтожены они
На планете мы останемся одни
Нор звериных птичьего гнезда
Разорять не будем никогда
Пусть птицам и маленьким зверькам
Хорошо живется с нами радом.
Құлақтармен, бүйірлермен, мұрындармен сәлем – комплемент сыбырлау.
Қоңырау соқты!
Проверь. Дружок
Готов ли ты начать урок?
Все ль на месте, все ль в порядке?
Ручка, книжка и тетрадка?
Садитесь! Начинается урок!
Он пройдет ребятам в прок
Постарайтесь все понять
И внимательно считать
Жаңа материалды түсіндіру.
Қатені ұстап ал: Мұғалім түсіндіру барысында қателер болатынын айтады. Балалардың міндеті: оларды атау.
Фантастикалық қосымша: Мұғалім нақты жағдайға фантастика қосады.
Мәтінге сұрақ: Оқу материалын оқу алдында оқушыларға міндет қойылады: оған сұрақтар тізімін құрастыру.
Пресс-конференция: Мұғалім тақырыпты әдейі толық ашпайды, оқушыларға тақырыпты ашатын сұрақтар қоюды сұрайды.
«Театр» ойыны:Жаңа тақырыпқа байланысты ым, мимика, ұғым арқылы көрсету.
Дөңгелек үстел:Жаңа тақырып бойынша пікірлермен еркін алмасу түрі.
Теорияның тиімділігі:Жаңа тақырыппен танысу барысында оқушылар белгілейді: «білемін» «білмеймін».
Баяндама: Жаңа тақырыпқа баяндама.
Дайындық бірнеше кезеңнен тұрады.
Байланыссыз пікірлер: Тақырып бойынша реттелген ұйымдастырылған пікірлердің айтылуы.
Жұмбақ (тақырыпқа әкелетін).
Кластер(мәтіннен тірек сөздерді алып, мәтінді оқып кластер құрастыру).
Кейс- стадиясы (нақты оқу жағдайларын пайдаланып оқыту):
a) жағдайды суреттеп мәтінді оқыту.
Мәселені өз бетімен шешуге тырысу
b) мәселені шешуді іздеу бойынша топта жұмыс (пікірталас, талқылау, диалог)
c) мұғалімнің басшылығымен жалпы талдау.
Дельфиәдісі (әрбіреуі бір мәселемен жеке жұмыс істейді, нәтижесі бірлесе талданады және бағаланады. Пікірталас негізінде және түрлі пікірлер бойынша осы мәселенің бір нұсқасы қаралады )
«Сөз құрастыр» (балаларға әріптер таратады, осы әріптерден сөздер, буындар құрастыру қажет).
«Арақатынас» ұғымдар мен олардың мағынасын ашатын бір біріне сәйкес түрлі карточкаларды іріктеу).
«635» әдісі (оқушылар ұсынылған мәселені шешу үшін 6 адамнан екі топқа бөлінеді; есептер, 3- жағдай; 5 минут ішінде идея; сурет, сызба ретінде идеялар жазба түрінде ұсынылады).
Бекіту кезеңі.
Тапсырма тауы - таудың баурайында төменнен жоғарыға қарай 1,2,3,4,5 бағалары орналастырылады. Әр бағаның жанында күрделілігі деңгейіне байланысты түрлі тапсырмалар бар.
Шығармашылық жұмыс өлеңді «жинау». Орыс тілі сабақтарында пайдаланған дұрыс болады.
Тихо, дует, ветер, небосвод, теплый,
Синеет, на, пчелы, гречиха, дружно,
Мед, собирают
Тізбек бойынша сұрақ қою– мұғалімнің белгісіне байланысты бір оқушының әңгімесі тоқтатылып, екінші оқушы жалғастырады. Жауап аяқталғанға дейін осылай бірнеше рет қайталанады
«Қоңаққа барамын» ойыны:Балалар қонақтар мен үй иелеріне бөлінеді. Үй иелері конверттерде тапсырмалары бар карточкалармен парталарда отыр. Қонақтар үй иелеріне келіп, үй иелері оларға карточка береді. Егер қонақ дұрыс жауап берсе, карточканы өзіне алып, басқа үй иесіне барады. Кім көбірек карточка жинаса, сол жеңеді. Ойын белгі берілгеннен кейін аяқталады.
Ауызша бағдарламаланатын сауалнама: Оқушы ұсынылған бірнеше жауаптардан дұрысын таңдайды. Нәтижесінде пікірлердің қайшы келіп қалуы мүмкін.
Жас білгірлер клубы:Оқушылар 3 немесе оданда көп командаға бөлінеді, олар бір мезгілде біркелкі тапсырмалар орындайды, карточкалар, кестелер және сызбалар қолданылады.Орындалу жылдамдығы, дәлдігі және сонылығы ескеріледі.
«Артық сөзді» тап:Оқушылар сөздерде жалпы белгіні белгілеу қажет. Орыс тілі сабақтарында тиімді қолдануға болады.
Көкнәр Түймедақ Раушан Пияз Мысық Ит Торғай Сиыр Қайың Емен Таңқұрай Көктерек Ет Қасқыр Аю Қоян (карточкаларда 9 сөз жазылған, екі оқушы кезекпен карточкаларды алады, бірінші болып орфограммасы бірдей үш сөзді жазып алады).
«Пошта тасушы» Әр топтан пошта тасушы таңдалады (пошта тасушы балаларға басқа топтардан 4-5 шақыру билетін таратады). Балалар қайда шақырғанын, қай салада жұмыс істейтінін анықтайды. Орфограммаларды түсіндіріп, тексеру сөздерін теріп сөйлем құрастырады.
«Шифрлаушы» ойыны Топтан бір оқушы шифрлаушы рөлін таңдайды, басқалары шешушілер. Шифрлаушы бір сөзді ойлап, оны шифрлайды және басқа топқа барады. Сөз тіркестері мен сөйлемдердегі шифрді шешіп, ойнаушылар өздерін шешуші рөлінде байқап көреді.
Мысалы:
Шаңғы шана коньки
Ңғыша наша кьоник
Алгоритм бойыншы жұмбақ шығар.
«Қатені ұстап ал»(мұғалім бірнеше тапсырма ұсынады, олардың арасында бір дұрыс жауап болады, балалар дұрыс жауапты табу үшін басқаларында шешулері керек).
«Ауысша алдын алу сұрағы» (мұғалім сұрақ қояды, балалар жауап береді, бұл сұрақ бойынша айтысады).
«Иә – жоқ» (тақырып бойынша сұрақтар, балалардың жауаптары өткен тақырыпқа негізделген, иә және жоқ).
Қайталау және жалпылау.
Жалғаз сыныпқа қарсы - жаңа тақырыптың соңында бір оқушы тақтаға шығып, сыныптастарының сұрақтарына жауап береді.
Ұлғайтумен қайталаймыз. Оқушылар алдында өткен тақырыптар бойынша білімдерін толықтыратын мүмкіндік беретін жауаптардың сұрақтар тізімін әзірлейді.
«Кімнің сөзі» ойны. Мұғалім түрлі әдеби кейіпкерлерінің сөздерін оқиды, ал оқушылар кейіпкерді табулары қажет. Әдебиеттік оқу сабақтарында қолданған дұрыс.
«Ең үздік есептеуші» ойны. Мұғалімнің бұйрығы бойынша балалар шұғыл түрде тапсырмалардың жауаптарын жазып алады. Кейін олардың орындалуы тексеріледі.
«Оқы айт» ойны. Мұғалім балаларға сөз береді, олар осы сөз негізінде жұмбақтар ойлап тауып, бір бірлеріне жасырады.
«Бір сөзде көп сөз бар» ойны.Көп әріптері бар сөзден жаңа сөздер құрастыру қажет.
«Сен маған, мен саған» ойны.Командалар алдын ала дайындалған сұрақтарды бір біріне қояды. Ойлануға 2-3 минут беріледі. Жауап дұрыс дәлелденуі тиісті.
«МПИ» әдісі («+», «-», «қызық» 3 бөлек бағандар сызып, әр қайсысына сәйкес мәліметтерді жазу керек).
«Лабиринт» (шешу үшін проблемалар, оқиғалар, міндеттер беріледі, олармен қатар шешу үшін дұрыс және қате ұсыныстар, нұсқалары беріледі. Лабиринттің әртүрлі жолдарымен жүріп олар есептің, проблеманың, оқиғаның бірнеше немесе бір дұрыс жауабын анықтайды).
«Кубик»әдісі (әдістің мәні проблемаға, міндетке, жағдайға түрлі көзқарасқа әсер ету). Кубиктің әр бетінде жазу болады:
«Жаднама құрастыру» (сабақ тақырыбына, мысалы «су», «суды қорғау» жаднамасын құрастыру) .
«Өзара сауалнама» (оқушылар өткен тақырып бойынша бір бірін сұрап, бағалайды).
Аударылған әңгіме құрастыру (берілген әңгімеден аударылған әңгіме құрастыру).
«ойлан, тында, ұсын» (әр оқушы ізденіс шығармашылық сипатта нақты тапсырма алады, оны белгіленген мерзімде орындауы қажет. Кейін мәселені шешетін таңдалған әдісті оқушылар кезекпен дәлелдейді, қалғандары тындайды және ойланады, басқа нұсқа ұсынуы мүмкін).
«Жобалар»әдісі ( жобаны дайындау, жоспарлау, зерттеу, орындалған жұмыс туралы есеп).
Венн шеңбері (жалпы айырмашылықты табу).
Көрнекі жауап (мұғалім сұрақ қояды және оқушының ең үздік немесе нақты жауабын таңдайды).
Өзінің тірегі (оқушылар тірек конспектін құрастырады, бірнеше оқушы алдын ала тапсырма алады).
Бақылау
«Бағдаршам» ойны .
Оқушылардан жауап алу барысында жауап беруге дайын белгісі ретінде мұғалімге көрсетіп қызыл немесе жасыл жағымен ұзын картон кесіндісін көтереді.
Графикалық диктант.
Оқушыларға 10-нан 20-ға дейін сұрақ- пікір ұсынылады, егер олар пікірмен келіссе белгі қояды; келіспесе де белгі қояды, білмесе – сызық қояды. Нәтижесінде парақта бүгілме сызық шығады, диктанттың дұрыс жазылуын «кілт» арқылы тез арада тексеруге болады.
Тренингтік бақылау жұмысы.
Мұғалім бақылау жұмысын жүргізеді, бірақ бағаны оқушының қалауы бойынша қояды.
«Даналық ағашы» ойын әдісі.
Әр оқушы тақырып бойынша қыйын сұрақты параққа жазып (аты, фамилиясын жазып), тақтадағы ағашқа жапсырады. Оқушылар кезекпен ағаштың жанына барып, хатты алып сұрақты оқиды және оған жауап береді.
ОАС
7-9 оқушыдан тұратын топтарда өткізіледі.
-
Ең бастысы – сынға алынбайды. Жүргізуші мен хатшы сайланады. Жүргізуші орындау тәртібін бақылайды, хатшы идеяларды тіркейді.
-
Есептің шарттарын анықтау жүргізіледі.
-
1-ші кезеңнің уақыты анықталады
I кезең- Идея банкі құрастырылады
II кезең- Идея талданады
III кезең – Нәтижелер өңделеді
«Сатымен түс» ойны.
Тапсырмалар жоғарыдан төменге қарай беріледі, төмен түскен сайын тапсырма күрделенеді.
Қауіпті қате орын.
Балаларға қатесі бар тапсырмалар таратылады, әр бала тапсырмадан қатені тауып алуы қажет.
Қорытынды.
«Өзін-өзі бағалау».
Сабақта келесі сөйлемдерді аяқтап, өз жұмысын бағалайды:
«Сабақтағы менің ойлау белсенділігім …
Маған өте ұнағаны …
Әзірше менде шықпайды ....
Бүгін мен түсіндім, ойлау ...
Бүгінгі сабақ маған ....
«Сүйкімді жүзді сал».
Мұғалім сабақ соңында өз көңіл-күйін салуды ұсынады.
«Аукцион».
Міне енді аукцион
Ол қорытынды жасайды.
Кім көп біледі,
Сол сыйлық алады.
«Адвокат» рөлі.
Адвокат рөлін алған оқушы оқушыларды күрделі үй тапсырмасынан қорғайды, жазба жұмыстары бойынша дауа болған бағаларды бітіреді және сабақ барысында пайда болған даулы мәселелерді шешуге тырысады. Бұл рөл тұрақты болуы мүмкін.
«Психолог» рөлі.
Психолог рөліндегі оқушы сабақ жағдайын бағалайды. Ол сыпайы түрде сабақта кез келген оқушыға немесе мұғалімге ескерту жасай алады.
«Түймедақ» (гүлдің ортасына тақырып, ал жапырақтарына тақырып бойынша сұрақтар жазылады).
Бағдаршам (сұрақ қойылады дұрыс жауап жасыл түс, қызыл – дұрыс емес жауап).
Тестілеу өткен тақырып бойынша.
Кестені толтыру (өткен тақырып бойынша).
Үй тапсырмасы.
Үй тапсырмасының 3 деңгейі
Мұғалім бір уақытта 2 немесе 3 деңгейдегі үй тапсырмасын береді
1 деңгей-міндетті минимум
2 деңгей- жаттығу
3 деңгей шығармашылық тапсырмалар:- ертегі, әңгіме құрастыру
- кроссворд, чайнворд жасау
- қызықты мәліметтер бойынша тақырыптық жинақ
- плакат
- оқушылар комиксі
- өлең, жұмбақ шығару
«Ерекше тапсырма».
Үздік оқушылар ерекше күрделі тапсырманы орындауға мүмкіндік алады.
«Ауқымды тапсырмалар».
Мұғалім 10 есеп береді (немесе тапсырма), оқушы таңдап, алдын ала келісілген тапсырма мөлшерін орындауы тиіс.
«Кездейсоқ ойны».
Мұғалім сабаққа кездейсоқ таңдау элементтерін енгізеді.
5.«Театрға бейімдеу».
Тақырып бойынша қойылымдар ойлап шығарып, қою.
Үй тапсырмасын талдау.
Мұғалім оқушылармен бірігіп келесі сұрақты талдайды: жаңа тақырып сапалы бекітілуі үшін үй тапсырмасы қандай болуы қажет.
Мінсіз тапсырма.
Мұғалім оқушыларға өз таңдаулары және түсінігі бойынша үй тапсырмасын орындауды ұсынады.
Ғажайып тапсырма.
Мұғалім оқушыларды топтарға бөледі. Әр топ жеке тапсырма алады.
Шығармашылық болашаққа жұмыс істейді .
Оқушылар дидактикалық материалдарды әзірлеу бойынша шығармашылық үй тапсырмасын орындайды.