top of page

Мектептегі үзіліс

        Мектеп – ойын орны емес. Өкінішке қарай бүгінгі күні де осылай ойлайтын мұғалімдер мен ата-аналар саны аз емес, олар қателеседі. Бір сағат бойы дәптер және оқулыққа еңкейіп қарап отырады немесе тақтадағы жазуға қарап отырған балаларға жан-жағындағы жағдай мен қимылын өзгерту қажет және жаңа сабақ алдыңда жеңілденулері керек. Сол себептен, үзіліс уақытында балалардың демалулары үшін қызықты ойындар бар. Әрине, сабақ арасындағы үзілісті аласапыранға айналдырмай, балалар үшін «ақылды» және пайдалы белсенділік артық болмайды, бұл баланың жасы мен жынысына қарамай барлығына қатысты.

Қысқа ойын-сауықтар

Сабақ арасындағы үзілістер ұзақтығы 10-15 минут, балалар осы уақытта көп нәрсеге үлгерулері қажет: сабақтан соң заттарын жинауға, кабинетті ауыстыруға, жаңа сабаққа дайындалуға. Сол себептен ұзақ ойындарға уақыт қалмайды, ал қысқа және қызықты ойындар балалар үшін артық болмайды. Бұл көңілді сергітіп, жаңа күйге және көңілді көтеру үшін өте қажет. Қөңіл-күйіңіз жақсы болса ең ұнатпайтын және қиын пән сіз үшін жағымды және түсінікті болады.

Ойынды таңдаймыз

Үзілісте мұғалімдердің жүйкесіне тимейтін және мектеп мүлігіне зиян келтірмейтін қандай ойын ойнауға болады?

Ең қарапайымы

Қандай ойындарды үйрету қажет екенін анықтау қажет, яғни қандай критерий бойынша оларды іріктеп алу қажет. Ал критерий тек екеу: бастауыш сынып оқушылары үшін қимылды ойын (балалар бой жазулары қажет) және жеңіл болуы қажет (үзілістер өте қысқа сол себептен ойынға ұзақ дайындалатын уақыт жоқ).

Ең жеңіл ойындар:

  • Ручеек;

  • Ұзын құйрық;

  • Ең зейінді;

  • Жапалақ;

  • Секіргішті ұста;

  • Айдаһар құйрығы.

Мұнда балаларға мектепте үзілісте ойнауға арналған бірнеше ойын берілген, олардың ережесін қарастырып сіздер осыған ұқсайтын ойындар таңдап алып, балаларды үйрете аласыздар. Бастайық.

Ручеек

Барлығы білетін ескі ойын, соңдада ережесін еске түсірейік. Балалар жұпқа бөлініп, қолдарынан ұстасып, бір-бірінің артына тұрып қолдарын жоғарыға көтереді, ойынды жүргізуші тоннельден өтіп бара жатып, бір баланы қолынан ұстап әкетеді, екеуі жылғаның соңына барып, жұп құрады. Ал, жұпсыз қалған бала, басына жүгіріп барып, ішке кіріп, өзіне біреуді таңдап алып соңына барып тұрады. Ойын осылай жалғаса береді.

Ұзын құйрық

Балалар шеңберге тұрады, жануарлардың атын атайтын жүргізуші сайланады. Егер аталған жануардың құйрығы ұзын болса балалар қолдарын жоғарыға көтереді, ал егер құйрығы қысқа, не тіпті жоқ болса қолды көтеруге болмайды. Тек жүргізуші балаларды шатыстыру үшін қолын жоғарыға көтереді. Осы ойынға ұқсас басқа да ойындар ойлап табуға болады, мысалы, «Кім күлтелі» немесе «Кімнің тұяғы бар».

Сонымен қатар, қимылды өзгертуге болады, мысалы, алдымен қолды көтеріп, кейін отыруға, кейін секіруге болады.

Ең зейінді

Балалар шеңберге тұрады, жүргізушіні сайлайды, ол барлығы орындауға тиісті қимылдарды атап айтады. Бірақ жүргізуші балаларды шатыстыруы тиісті. Мысалы: жүргізуші «Отырындар» дейді, ал өзі қолын жоғарыға көтереді. Кім барлығын дұрыс орындап, шатыспаса сол жеңімпаз болады.

Жапалақ

«Жапалақ» сайланады, ол барлық ойнаушылардан алысқа тұрады. Өзінің «ұясына». Басқа ойнаушылар жан-жаққа тарап кетеді. «Жапалақ»: «Күн туды, барлығымыз оянамыз!» дейді, сол сәтте барлығы жүгіріп, қимылдайды. «Жапалақ»: «Түн болды, барлығын қимылдамандар, жапалақ ұшады!» дегенде барлық ойнаушы балалар тыныш тұрып, кимылдамаулары керек. «Жапалақ» балалардың арасында жүріп, қимылдаған бір-екі баланы өз ұясына әкетеді. Бір бала қалғанша ойын жалғасады.

Секіргішті ұста

Жүргізуші ойыншыларға арқасымен тұрады (олар кемінде үшеу болуы тиісті). Барлығы ойынды жүргізушінің иығына қолдарын салады. Жүргізуші көзін жұмып санайды, мысалы 10-ға дейін. Санап біткенде ойыншылар қолдарын жұлып алып, артқа қарай секіріп кетіп (бір рет!), қозғалмай тұрып қалуы тиісті.   Жүргізуші көзін ашпай біреудің қолын ұстап алу қажет, ұсталған адам ойынды ары қарай жүргізеді.

Айдаһардың құйрығы

Өте қызық ойын! Ойынға қатысушылар бірінің артына бірі тізбектеле белдерінен ұстап тұрады. Ең бірінші тұрған бала - «айдаһардың басы». Ең соңғысы – «құйрығы» болады. «Айдаһардың басы» ең күрделі жолдармен жүре отырып өз «құйрығын» ұстап алуға тырысады. Оның мақсаты – ұстап алу, «құйрықтың» мақсаты ұстатпау, қайткені де қашып құтылу. Егер «құйрық» ұсталып қалса, ол – «бас» болады. Ойын өз жалғасын табады.

bottom of page